Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер алғашқы адамның басын ауыстыру операциясын қытайға жасап көрмек

Итальяндық нейрохирург Серджио Канаверо биылғы жылдың соңында әлемдегі алғашқы адамның басын ауыстыру операциясын жасауды жоспарлап отыр.

816942

Фото: David Mark

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Екі жыл бұрын дәрігер Канаверо ұсынған бас ауыстыру әдісі ғылыми әлемді дүр сілкіндірді. Жобаны көптеген ғалымдар мен хирургтер сын тезіне алды. Дегенмен, бұл әдістемеге қызығушылық танытқан мыңдаған дәрігер де табылды. Қазір “Heaven” деп аталатын жоба ақтық кезеңіне жетті. Жобаны қытай үкіметі қаржыландыратындықтан, алғашқы пациент осы елдің азаматы болады.

“Қытай үкіметі бас ауыстыру кезінде дәрігерлер командасына қытайлық маман жетекшілік еткенін қалайды. Сондықтан сәуірде елдің заңы бойынша мен кытайлық нейрохируг пен оның командасының ассистенті болатынымды жарияладық”, — деді Канаверо.

“Өткен жылдың қыркүйегінде Кореяда біз алғашқы зерттеулерімізді жарияладық, ол жобаның сәтті болатынына сенім беріп отыр. Бас ауыстыру кезінде жұлын кесіледі, осыны тышқандарға жасағанда, зерттеулер көрсеткендей, олар қайтадан қозғала бастады. Мұндай операцияларда полиэтиленгликольдің жетілдірілген түрін пайдаланудың арқасында операциядан соң 24 сағаттан кейін нерв импульстері қайтадан кесілген жерден қайта өте бастайды. Жұлынын кесіп, оны полиэтиленгликоль арқылы қалпына келтірген ит 3 аптадан кейін қайта жүгіріп кетті”, — дейді дәрігер.

Канавероның айтуынша, скептиктердің сынына қарамастан, оның командасы кесілген жерде нерв талшықтары өсіп шығатынын дәлелдеді. Сенсациялық оқиға биыл күзге белгіленіп отыр.

Оқи отырыңыз:

Жақсылық Досқалиев: Бүгін өлсем барлық қажет жерге ағзамды берер едім

Денсаулық министрлігі бас дәрігерлерді қысқартып, медбикелердің жалақысын көтермек

Балалардың ойнап жүрген фиджет спиннер ойыншықтары зиян ба?

Қытайдан Қазақстанға әкелінетін дәрі-дәрмек саны 30 есеге артты

Талқылау