Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер: Ақтауда зорланған алты жасар қыз Астанада комада жатыр

Ақтауда зорлыққа ұшыраған алты жасар қыз Астанадағы ана мен балаға арналған Ұлттық ғылыми орталықтың жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатыр. Бұл туралы University Medical Center қорының баспасөз қызметі хабарлайды.

1401101682_big-un-copil-de-2-anisori-s-a-intoxicat-cu-alcool-2

Ұлттық ғылыми орталықтың анестезиолог-реаниматолог және нефрологтан құралған мамандары қыздың жағдайын қарап шықты.

“Қазіргі таңда балақай ауыр коматозды күйде жатыр. Ол жасанды желдеткіш аппаратына қосылған. Медикаментозды қолдаудың арқасында гемодинамика тұрақты. Невролог, балалар гинекологы, пульмонолог, окулист, нефролог, эндокринолог, хирург мамандармен бірге бірнеше мәрте кеңес өткізілді. Қосымша диагностикалық инструменталды және зертханалық зерттеулер тағайындалды. Бақылау жалғасуда”, – делінген баспасөз хабарламасында.

Алдағы уақытта телемедицинаны меңгерген Кембридж (Ұлыбритания) және Вена (Австрия) университетінің профессорларынан кеңес алу жоспарлануда.

Оқиға 20 тамызда Ақтау қаласында болды. 6 жасар қыз әжесімен дүкенге бірге барғанда оны  белгісіз біреу ұрлап кеткен. Екі сағат бойы өздері іздеп таба алмағасын олар полицияға шағымданған.

Қыз бала кешке қарай ес түссіз күйде «Нұр плаза» жағажайына қарсы бетте табылған. Ол жереу аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген. Осы оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 120 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бұған дейін Маңғыстау облысының әкімдігі алты жасар қызды зорлаған қылмыскер туралы ақпарат берген адамға 3 миллион теңге сыйақы тағайындағаны хабарланған еді.  Кейінірек қызды зорлаған күдіктінің ұсталғаны хабарланғанымен, оның қылмысқа нақты қатысы бар екені расталмады.

Талқылау