Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер ағаштан құлап, басына кәуаптың шанышқысы қадалып қалған баланы аман алып қалды

АҚШ-тың Миссури штатында 10 жасар Ксавьер Каннингем аңдаусызда ағаштан құлап кетіп, басына кәуаптың шанышқысы қадалып қалған. Абырой болғанда, металл шанышқы  баланың миын да, күре тамырын да зақымдамаған.

Дәрігерлер ағаштан құлап, басына кәуаптың шанышқысы қадалып қалған баланы аман алып қалды

10 жасар бала ағаштың басындағы үйшікте ойнау үшін баспалдақпен көтеріліп келе жатқан. Осы кезде оған аралар тап беріпті. Өз кезегінде қаша жөнелген бала аңдаусызда жерге құлап кетіп, басына 30 сантиметрлік шанышқы қадалып қалған, деп хабарлайды The Sun басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Баланың басына кіріп кеткен шанышқы желкесінен бір-ақ тесіп шыққан. Абырой болғанда, ол Ксавьердің басындағы маңызды бөліктерді зақымдамаған. Баланың ата-анасы бұл жағдайды «ғажайып» деп атап отыр. Егер шанышқы орнынан сәл де болсын жылжып кеткен жағдайда, олардың ұлы тірі қалмайтын еді.

«Ол мидың қос бөлігін, ми бағанын, бас сүйектегі жүйке талшықтарын зақымдамаған», – дейді Ксавьердің әкесі Шеннон Миллер.

Ата-анасы баласын бірден ауруханаға алып барған. Дәрігерлер ұзаққа созылған ота барасында баланың басынан металл шанышқыны алып тастады.

Дәрігерлер ағаштан құлап, басына кәуаптың шанышқысы қадалып қалған баланы аман алып қалды

Қазіргі уақытта Ксавьер есін жиған. Дәрігерлер ол жақын арада сауығып кетеді деп үміттеніп отыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау