Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер «ағаш» адам атанып кеткен кісіге ота жасады

Сирек кездесетін тері ауруына шалдыққан Бангладеш тұрғынына бірінші ота жасалды. Тағы бірнеше отадан кейін ер азамат саусақ терісіне өсеберетін еттерден құтылуы әбден мүмкін дейді дәрігерлер.

кол2

Бангладеш тұрғыны Абул Бажандыраны жұрт «ағаш» қолды адам деп атап кеткен еді. Себебі оның саусақтарында пайда болған ет тура бір ағаш сағы сияқты күн санап тармақталып үлкейген.

кол3

25 жылдан бері қолын тоқтаусыз сүйел басқан азамат сирек кездесетін дертінен айығу мақсатында,қымбат тұратын отаға ақша жинап келген. Ол жоспары жүзеге аспа, отағасы соңғы екі жылдан бері жұмыссыз қалған. Оның таксиші қызметінен айрылуына да осы қос қолындағы сүйелі себеп болған. Себебі соңғы уақытта ол өз еркімен кішкентай заттарды ұстай алмай қалған. Тісін жуып, өзі тамақтанудан да қалған. Себебі қолына кішкентай заттар ілінбейді.

қол

Абул Бажандыраның ерекше дерті жайлы Дакки хирургтері естіп, оған тегін ота жасауды ұсынған. Дәрігерлер жігіттің қолындағы қаптаған сүйелді тексере келе оның ірі тамырларға жалғаспағанына көз жеткізген, содан ота жасау арқылы Абдул Бажандыраға көмектесе аламыз деп отыр.

Талқылау