Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерден кеңес: Күннің ыстығынан қалай сақтанамыз

Жақын күндерде Қазақстанның көптеген аймағында күн ыстық болуы мүмкін. Тіпті еліміздің Оңтүстігіндегі термометрлер 40 градус ыстықты көрсетуі де ғажап емес.

image

Осыған орай “Қазақстан жаңалықтары” агенттігі Астана қаласының №1 ауруханасының дәрігері Асылташ Бекетаевадан пайдалы кеңестер сұраған.

Күннің сәулесінен қалай қорғанамыз

Сағат түскі 12 мен кешкі 5 шамасында күн өте қатты ыстық болады. Бұл уақытта көшеге шықпаған жөн.  Егер шұғыл шығуыңыз керек болса, өзіңізбен бірге газдалмаған су алып алыңыз. Аптап ыстықта 3 литрге дейін су ішу керек.

Сыра мен алкогольден түбегейлі бас тартып, тәтті сусындарды шетке ысырған дұрыс. Жемістер мен көкөністерді көбірек жеп, тамақты аз ішу қажет.  Мұнымен қатар, бас киімнің, қолшатыр мен көзілдіріктің маңызы зор. Зығыр мен мақта матадан тігілген ашық түсті киімдерді таңдаған абзал.

Көлемді металл бұйымдардан бас тартыңыз. Арасында мойын мен білекті сулап тұрыңыз.

Жапа шеккендерге көмек көрсету

Басынан күн өткен адамды салқын бөлмеге апарған жөн. Артынша түймелерін ағытамыз. Суланған шүберекпен компресс жасаймыз. Ал жағдайының ауыр екенін байқасаңыз, бірден жедел жәрдем шақырыңыз.

Дәрігер Ораза ұстаушыларға да көлеңке жерде отыруға, қатты қиналғанда аузын суық сумен шаюға кеңес береді.

Қауіп-қатер

Дәрігерлер Қазақстанда күннің ыстығынан жапа шегушілердің аз екенін айтады. Десе де, қан қысымы көтерілетін жандарға дәрілерін көбейтуге кеңес береді. Мұнымен қатар, күн ыстықта қарт адамдар қатты қиналуы мүмкін екенін айтады.


Жіберіп алмаңыз:

Үндістанда түйе ыстық күн астында байлаулы қалдырған иесінің басын жұлып алды 

Жаздың ыстық күндерінде сергектік сыйлайтын кофеден жасалған коктейльдер

Қазақстанның бірқатар облыстарында аптап ыстық сақталады

Алматыда 40-градусты ыстыққа байланысты дабылды ескерту жарияланды

 

Талқылау