Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде дәрігер ұрып өлтірген науқастың жолдасы төбелестің неден шыққанын айтып берді

Александо Авиловтың өзі де дәрігерден бірнеше рет соққы жеген. Ол болған жайттың неден басталғаны жайлы толық айтып берді.

fotorcreated6

Бұл туралы ren.tv хабарлайды.
№ 2 Белгородтық аурухананың дәрігері емделуші Евгений Вахтинды медбикеге абайсызда аяғы тиіп кеткені үшін күш көрсете бастаған. Оқиғаның бар себебі осы болды дейді оқиға орнында қайтыс болған жігіттің жолдасы Александр Авилов. Оның өзі де арашаға түсемін деп дәрігерден бірнеше рет соққы жеген еді.

Оның сөзінше Вахтин ауруханаға асқазаны қансырауына байланысты көмек сұрап барған. Науқас асқазанын жудырған соң арнайы медициналық кереуеттен тұрмақшы болған. Сол кезде жанынан өткен медбикеге ая,ы тиіп кетті дейді.

«Бұл әдейлеп тепкендік емес. Әлсіреп отырған адам бар күшін жия жатқан жерінен тұрмақшы болған.Абайсызда аяғы жанындағы адамға тиіп кеткен»,-дейді Авилов.

Медбике науқастың кешіріміне қарамастан дәрігерге шағымданған. Сол сәтте Вахтин жолдасымен бірге басқа дәрігерге қарай бет алған.
Араға аз уақыт сала отырып Вахтин қаралып отырған дәрігердің алдына медбике мен дәрігер кіріп келген. Қыз дәрігерге науқасыт қолымен көрсеткен. Осыдан кейін бірден төбелес басталған.

«Дәрігер оны қолынан сүйреп басқа кабинетке алып баруға тырысты. Мен орнымнан тұрдым да « Не істеп тұрсың? Біз ауруханада жүрміз ғой» деп дауыс көтердім. Осыдан кейін өзімді қосып сабап кетті»,-дейді Авилов.

Қайтыс болған науқастың жолдасы бұған дейінгі болжам бойынша Вахтин медбикеге әдейі тиісіп, қылық көрсетті дегенді жоққа шығарды.

Аурухана басшылығы науқасты ұрып өлтірген дәрігерді жұмыстан шығарып тастаған еді. Оқиға аурухана камерасына толықтай түсіп қалған. Видео жазбаны көргендер жағаларын ұстаған еді.

Талқылау