Дәрігер ер адамның қуығынан үлкендігі түйеқұстың жұмыртқасындай тасты қолымен алып шықты

Қытайдың Ухань провинциясының тұрғынына қуығындағы үлкен тасты алып тастау үшін шұғыл ота қажет болды.

Ер адамның қуығынан үлкендігі түйеқұстың жұмыртқасындай тас шықты

55 жастағы ер адам ауруханаға барып, маусым айынан бері төменгі жағы ауыратынын айтып шағымданған. Дәрігерлер пациенттің қуығын тексеру кезінде диаметрі 13 сантиметр болатын тас барын анықтады, деп хабарлайды Metro басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

«Ол ересек адамның жұдырығынан да үлкен еді. Қуығының ішінде бос жер қалмаған», – дейді дәрігер.

Дәрігер ер адамның қуығынан үлкендігі түйеқұстың жұмыртқасындай тасты қолымен алып шықты

Дәрігерлер тасты шұғыл түрде алып тастауды ұйғарған. Керісінше жағдайда, ер адамды бүйрек жеткіліксіздігі болуы мүмкін еді. Сонымен қатар пациенттің жүрегі ауыратыны анықталған. Сондықтан жалпы наркоздың орнына жергілікті ауруды басатын препарат қолданылған.

Пациенттің қуығындағы үлкен тасты медициналық құралдарың көмегімен алу мүмкін болмағандықтан, дәрігерлер оны қолмен алып шықты.

Дәрігер ер адамның қуығынан үлкендігі түйеқұстың жұмыртқасындай тасты қолымен алып шықты

Дәрігердің сөзінше, пациенттің қуығында тас пайда болуына оның зиянды әдеттері себеп болған. Ол суды аз ішіп, дәретханаға көп бармайды екен. Сонымен қатар ұзақ уақыт бойы бір орында отырған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
12.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар