Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігер: Алкоголизм тұқым қуалайды, ондайда адам еркінен тыс ішімдікке салынады

Бүгінде әйелдер арасындағы маскүнемдік кең етек жайып бара жатыр екен. Ең сорақысы сол, ішкілікке салыну - жазылмас дерт. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сенсек Қазақстандағы әрбір азамат жылына орта есеппен 11 литрден алкогольді ішімдік ішеді.

Оның ішінде әйелдердің үлесі өсіп келеді. Және ащысуға арбарлу тенденциясы жасарып келеді. Көбісі 30-40 жас аралығында. Бұл туралы Евразия арнасына сілтеп Stan.kz хабарлайды.

Үміті еімді әйел Астанадағы "Анонимді алкоголиктер клубына"» осыдан 9 ай бұрын келді. Ащы сумен алысып жүргеніне 20 жыл.

"Мен өзім бірінші жолдасымнан осы арақтың қырсығынан ажырасқанмын. Үш кішкентай баламмен ол кісі арақты қоймағаны үшін, үйге келіп қырғын, айғай, шу шығарғаны үшін дұрыс еңбек етпегені үшін сол үшін ажырасып, қашқандай болып басқа қалаға көшіп кеткем. Үш кішкентай балаларыммен", - дейді маскүнем Үміт.

Ия! Ажырасу арулардың ішкілікке салынуына бірден-бір себеп десек, жаңылмаймыз! Бірақ бір жағынан ажырастым екен деп, өзіңді-өзің жерге тастамайсың ғой! Ондай болса ажырасып жатқан еркектерде көп бізде! Олар неге жаппай ішіп кетпейді? Бар гәп физиологияда! 

"Әйел адамдар ер адамдарға қарағанда тез маскүнемдікке шалдығады. Егер ер адамдарға маскүнемдікке шалдығу үшін жеті жылдан он жыл керек болса, әйел адамға үш жылдан бес жыл ғана. Геге байланысты десеңіз әрине бұл әйел адамның психикалық, физиологиялық, басқада жаңағы эндокриндік жүйенің  ерекшелігіне байланысты", - деді қалалық наркологиялық және психотерапия орталығы бас дәрігерінің орынбасары Гаухар Бектаева. 

Дәл осы тізімге, тұрмыстың төмендігі, зорлық зомбылық пен жалғыздық салдарынан алкоголизмге шалдығу факторларын да жатқызуға болады. Қысқасы күйбең тіршіліктің қамытынан құтылғысы келгендер деп қайырдық бұл топты. Алайда арулардың арасында ішімдікке еркінен тыс салынғандар да бар десе нанасыз ба? Мұндайды медицина тілінде генетикалық ауру дейді. Ия, алкоголизм тұқым қуалайды. 

"Егер де қыз бала шешесі маскүнемдікке ұшыраған болса, қызы да маскүнемдік болу жаңағы мүмкіндігі өте жоғары. Жаңағы әке-шешесі, шешесі ішпеген қызға қарағанда 3 есе жоғары. Сондықтан тоқсан-тоқсан алты пайыз ішімдікке салынған әйелдердің қыздары маскүнемдікке шалдығуы мүмкін. Көбінесе солай болып келеді. Сондықтанда ал әкесі де, шешесіде ішетін ішімдікке салынған балалардың, қыздардың 4 есе асады", - дейді дәрігер.

Енді негізгі сауалға  ойыссақ. Алкоголизмнен айығуға бола ма? Жұртты тыңдасаң әбден мүмкін сияқты. Өйткені, ішімдікке салынғандарға кодтал, гипноз жасат деп  ақыл айтатындарды естіп те, көріп те жүрміз. Алайда, содан емделіп кеткендерді  көрдік пе? Жоқ, көргеніміз жоқ. Өйткені, алкоголизм дерті ешқашан жазылмайды.  

"Өйткені жаңа айтып өттім, ішімдікке салыну, алкоголизмге тәуелділік бұл созылмалы ауру. Мысалы мынау гипортаниялық ауру дейміз ия. Немесе сахарный диабет дейміз. Бұлар созылмалы ауру ғой. Бұл адамға қойылатын болса бұл адам өмір бойы ауырып өтеді деген сөз. Бірақ бұл адамда ішпейтін уақыты жаңағы ремиссия дейміз, ішетін уақыты болуы мүмкін рецедив дейміз. Біздің жаңағы басты мақсатымыз ол жаңағы науқастың  ішпейтін уақытының неғұрлым көп болуы, ұзағырақ болуын жеткізу керек. Жаңағы науқастың өмірінің сапасын жоғарлату.  Бұл біздің басты мақсатымыз", - деді Гаухар Бектаева. 

Қысқасы, құртып алған өмірін, оңалтуға тырысады ақхалаттылар. Бірақ бұл мүмкіндіктің өзі бәріне бірдей беріле бермейтін көрінеді.

"Алкоголиктер, наркомандар, жалпы ауыратын адамдар мен аурумын деп мойындай алмайды. Бұл өте ауыр болып саналады. Ал бірақ емнің ең біріншісі әрине неврологиялық тұрпаттан психикаға әсер еткенде ең біріншісі өзінің ауру екенін түсінуден басталады. Бірақ бұл көп адамның қолынан келмейді және көп адам мойындағысы келмейді. Себебі бұл ауыр болып келеді адамға", - деді психолог Ақгүл Молдабекова. 

Айтпақшы, ел ішінде тағы бір түсінік бар. Әйелге қарағанда еркектің арақтан айығуы оңай деген. Бұл да қып-қызыл өтірік. Есесіне, бір ақиқат бар. Бөтелке құмар бұрымдылардың көбейіп кетуіне, елдегі осал идеология да әжептеуір себеп болып отыр.

"Жалпы бұл кез келген мемлекеттің ұлттық идеологиясы қалыптаспаған мемлекеттерде өмір сүретін адамдардың құмарын  қандыру үшін ұлттық идеологиясы жоқ елдерде әр түрлі сан салаға салалары жүгіреді екен. Темекіге тәуелділік, ішкілікке тәуелділік, мынау ұялы телефонға тәуелділік, жалпы толып жатқан тәуелділіктер бар. Ұйқыға, қатынға, басқа дүниелерге де. Мысалы адам сондай тәуелділіктерде мемлекетте ұлттық идеологиясы өзінің болмысы, бітім, тұрмыс-тіршілігі, қалыптаспаған біз секілді елдерде сондайға әуес болады екен адамдар", - дейді тарихш Жұмамүрат Кеңесұлы. 

Алайда бұл салдардан Үмітке келіп кетері жоқ. Өйткені, оның қазіргі мақсаты адам қатарлы тіршілік ету. Қоғамға бейімделу. Жоғалтқанын табу. 

Талқылау