Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігер Ақтау-Тараз ұшағының жолаушысының өмірін аман алып қалды

Маңғыстаулық дәрігер Нәдірқожа Мұсаев Ақтаудан Таразға ұшқан әйелдің өмірін аман алып қалды.

Бұл туралы  lada.kz хабарлайды.

Дәрігер Нәдірқожа Мұсаев ұшақ жоғары көтерілгеннен кейін, әйелдің жағдайы нашарлап, артериялық қысымы қатты төмендеп кеткенін айтты.

“Әйелдің қан қысымы 60/0-ге дейін түсті. Ұшақ бортында алғашқы реанимациялық көмек көрсетуге арналған қажетті заттардың барлығы бар болды. Маған Таразға ұшып бара жатқан медбике көмегін берді. Дәрі-дәрмектің көмегімен әйелдің қан қысымын  120/80-ге дейін көтердік. Реанимациялық көмек шамамен бір жарым сағатқа созылды”, — дейді дәрігер.

Сондай-ақ, дәрігердің сөзінше, әйел Таразға жеткенге дейін есін жиған. Оны әуежайда ардиобригада күтіп алыпты.

Әйел кардиореанимацияда емделіп шықты.

Оқи отырыңыз:

Шымкентте өткен тойдағы құны 59 миллион теңге тұратын торт қазақстандықтарды таңдандырды (фото, видео)

Белгілі журналист Бибігүл Дәулетбекқызы Төреғалиден ақшасын ала алмаған продюсерді сынап тастады

Айсәуле Бақытбек жігітімен азаматтық некеде тұрғанын ашық айтты

Ақтөбеде полицейлер орамал тағатын оқушылардың үйлерін аралауға кірісті

Талқылау