Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дариға Шәкімова кәріс боксшысын жеңіп Олимпиада жолдамасына ие болды

Бүгін Қытайда бокстан Азия және Мұхит аймағы елдері бойынша Олимпиада ойындарына жолдама берілетін турнирдің жартылай финалдық бәсекелері өтіп жатыр.

IMG_6412

Сурет: topzhargan.kz 

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Осыдан бірер сәт бұрын қыздар арасында 75 келі салмақта рингке шыққан қазақстандық боксшы Дариға Шәкімова кореялық былғары қолғап шебері Ун Жангпен жекпе-жекте қарсыласын ұтты.

Айта кетейік, шешуші кезеңге шыққан боксшыларға Олимпиада жолдамасы беріледі. Осылайша Дариға Шәкімова байрақты бәсекеде ел намысын қорғауға мүмкіндік алды.

Бұған дейін боксшы Жәнібек Әлімханұлы моңғолиялық былғары қолғап шебері Шинебаяр Нармандахты техникалық нокаутпен жеңіп, финалға шыққан еді.

64 келіде Абылайхан Жүсіпов қытайлық боксшы Цянксун Худы тізе бүктірген болатын.

Өкінішке қарай күндізгі сессияда 56 келіде өнер көрсеткен Қайрат Ерәлиев үндістандық Шива Тапаға жол берген еді. Алайда әлі де үміт бар. Ол ертең, 1 сәуір күні Марио Фернандес (Филиппин) – Чатчай Бутди (Таиланд) жекпе-жегінде жеңілген боксшымен жолдамаға таласады.

Талқылау