Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дариға Шәкімова екі дүркін әлем чемпионын жеңді

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бокстан қыздар арасында 75 келіге дейін салмақта өнер көрсететін Дариға Шәкімова алғашқы кездесуінде канадалық Ариан Фортинді жеңді, -деп хабарлайды BNews.kz.

дариға

Сурет:sk-sport.kz

Аса тартысты өткен кездесуде қазақ қызының жолы болды. Төрешілер 2:1 есебімен жеңісті Дариға Шәкімоваға берді.
Бір ескеретін жайт, Артин Фортин екі дүркін әлем чемпионы. Ол 2006 жылы Нью-Делиде 70 келіге дейін салмақта топ жарса, 2008 жылы Қытайдың Нинбо қаласында осы жетістігін тағы қайталаған.Ал Дариға екі дүркін Азия чемпионы.
Айта кетейік, Олимпиада ойындарында бокстан әйелдер арасында 3 салмақта 12 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстанның намысын Дариғадан бөлек Жайна Шекербекова қорғап жатыр.

Талқылау