Дариға Шәкімова екі дүркін әлем чемпионын жеңді

Жексенбі, 14 Тамыз , 2016 20:49

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бокстан қыздар арасында 75 келіге дейін салмақта өнер көрсететін Дариға Шәкімова алғашқы кездесуінде канадалық Ариан Фортинді жеңді, -деп хабарлайды BNews.kz.

дариға

Сурет:sk-sport.kz

Аса тартысты өткен кездесуде қазақ қызының жолы болды. Төрешілер 2:1 есебімен жеңісті Дариға Шәкімоваға берді.
Бір ескеретін жайт, Артин Фортин екі дүркін әлем чемпионы. Ол 2006 жылы Нью-Делиде 70 келіге дейін салмақта топ жарса, 2008 жылы Қытайдың Нинбо қаласында осы жетістігін тағы қайталаған.Ал Дариға екі дүркін Азия чемпионы.
Айта кетейік, Олимпиада ойындарында бокстан әйелдер арасында 3 салмақта 12 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстанның намысын Дариғадан бөлек Жайна Шекербекова қорғап жатыр.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев
  • Асқар says:

    Алға,Дариға жарайсың !!!

  • Анонимно says:

    Бир Алла қолдап жеңіске жетуіңе бүкіл Қазақстан тілекші. Жарайсың Дариға тек алға.

  • Анонимно says:

    Жарайсың Дариға …қазақ қыздарының бокстан атын шығарып алтын алуға бұйыртсын

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар