Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дариға Шәкімова бокстан қазақ қыздары арасынан шыққан тұңғыш Олимпиада жүлдегері атанды

Олимпиада ойындарында бүгін жартылай финалда 75 келі салмақта жұдырықтасқан боксшы аруымыз Дариға Шәкімова америкалық Кларесса Шилдстан ұтылып, қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

20160820005932

Бірінші раундта жерлесіміз ұпай саны бойынша Кларесседан жеңілді. Дариға кеткен есесін қалған раундтарда қайтаруға тырысты. Бірақ АҚШ боксшысы Азияның екі дүркін чемпионына ондай мүмкіндікті берген. Лондон Олимпиадасының чемпионы сауатты қорғанып, қарсыласын жиі шабуылдады. Қорытынды есеп 0:3. Осылайша, жерлесіміз ақтық сайысқа шыға алған жоқ. Бірақ, Рио Олимпиадасының қола жүлдесіне ие болды.

Талқылау