Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дариға Назарбаева құптады: Асылхан Төлепов халыққа еңбегі сіңген жандар туралы фильм түсіруді ұсынды

Сенат депутаты Дариға Назарбаева Алматы қаласына сапары барысында Smart Point  базасында жастармен бейресми кездесу өткізді. Аталмыш кездесуде жастарға қатысты түрлі тақырыптар қозғалды. Бұл туралы белгілі актер, Алматы қаласының мәслихат депутаты Асылхан Төлепов өзінің Инстаграм парақшасында жазды деп хабарлайды Stan.kz ақпаратттық агенттігі.

Дариға Нұрсұлтанқызы құптады: Асылхан Төлепов халыққа еңбегі сіңген жандар туралы фильм түсірмек

Өз кезегінде Асылхан Төлепов жастарды қолдау мақсатында «50 патриоттық фильм» жобасын құруды ұсынған.

«Президент халыққа жолдауында 2019 жылды жастар жылы деп белгіледі. Бұл ел жастарын қоғамдық өмірге белсене қатысуына шабыт береді. Мен актер және Алматы қаласының мәслихат депутаты ретінде «50 патриоттық фильм» жобасын құруды ұсындым. Біздің замандастарымыздың арасында келешек ұрпаққа үлгі болар тұлғалар бар. Солардың еңбектерін насихаттап, оларды білгеніміз дұрыс», – деп жазған Асылхан.

Сонымен қатар, қазіргі фильмдердің сапасын да сөз қылған актер қоғамға еңбегі сіңген кейіпкерлер туралы киноларды экранға шығаруды ұсынды.

«Қазақстанда жарық есімдер көп. Мен жұлдыздарды айтпаймын. Тәулік бойы адам өмірін құтқаратын дәрігерлерді, жердің астында өз өмірлерін тәуекелге тігетін шахтерларды, артынан ерең еңбек қалдыратын жазушыларды айтамын. Болашақ ұрпаққа үлгі тұтар тұлғалар қажет», – дейді актер.

Жазба соңында қазақстандық актер өз ойының Сенат депутаты Дариға Назарбаеваға ұнағанын айтып, жақын арада жобаның іске асатынын хабарлады.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау