Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дариға Назарбаеваның қызының тойында кімдер қонақ болды (фото)

23 маусым күні Алматыда Дариға Назарбаеваның қызының тойы дүркіреп өтті.

Той Алматыдағы Ritz-Carlton мейрамханасында болды. Назарбаеваның қызы Венера 22 жастағы Дален Шайжүнісовқа тұрмысқа шықты. Ол Қазақстандағы әйгілі Шайжүнісовтер әулетінің ұрпағы.

Тойға Геннадий Головкин, Қайрат Нұртас, Филипп Киркоров сынды танымал жандар шақырылған.

Салтанатты думанда танымал кәсіпкер Қайрат Боранбаев та бой көрсетті. Олардың суретін желіге Дариға Назарбаеваның ұлы Нұрәли Әлиев жариялады.

«Әдемі жас жұбайлар», – деп жазды ол сурет астына.

Желі қолданушылары жас жұбайларға ақ тілегін жаудырды.

“Бақытты болыңдыр! Керемет жарасымды жұп! Жұптарың жазылмасын! Жас отбасыға бақыт тілейміз”, – деп жазды желідегілер.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау