Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дариға Назарбаева спортты қаржыландыру үшін бөлек қор құруды ұсынды

Қазір спортты дамытуға деп бірнеше мекеме ақша бөлгенімен, ортақ жүйе жоқ. Сондықтан бюджеттің миллиондары қайда және қалай жұмсалып жатқаны да белгісіз, – дейді КТК арнасы.

29A729D4-00F5-4913-8557-8E263031FDC2_w1023_r1_s

“Спортты “Самұрық-Қазына”, Спорт министрлігі қаржыландырады. Әрқайсысы өз беттерінше, қалаған спорт түріне ақша бөледі. Олар бір-бірін тексермейді де. Мемлекеттің ақшасын ашық әрі тиімді пайдалану үшін ортақ корпоративтік қор құру керек”, – дейді Сенат депутаты Дариға Назарбаева.

Себебі спортқа деп қазынадан қаралған қаржының көлемі аз. Мәселен, жергілікті бюджеттің небары 9 пайызы спортқа жұмсалады. Дариға Назарбаева президенттік тестті де қайта қарап шығып, өзгерту қажет деп отыр. Былтыр емтихан тапсырған 5 миллион адамның 70 мыңы ғана сүрінбей өткен. Өйткені, сынақтың тапсырмалары өте қиын. Оны қарапайым азамат түгілі кәсіби спортшылар ауырсынады. Тиісті жағдайдың жоқтығынан оқушылар мен студенттер салауатты өмір салтын ұстана алмай жүр. Енді спорт клубтары қосымша құн салығынан босатылуы мүмкін. Сондай-ақ Назарбаева мектептерде дене-шынықтыру пәнінің аптасына 3 рет өткенін талап етіп отыр.


Жіберіп алмаңыз:

Назарбаев кәсіпкерлерге қысым көрсетуді доғаруды талап етті

Назарбаев айтыскер ақындарға көп жағымпаздана бермеуге кеңес берді

Арыстанбек Мұхамедиұлы: Рианнаны емес, Димашты таңдаймын

Елбасының Димашты қабылдап батасын берген видеосы жарияланды (видео)

Талқылау