Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дариға Назарбаева оқу маусымын шілдеге дейін созуды ұсынды

Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаева оқушылардың оқу маусымын шілдеге дейін созуды ұсынды.

вмвмвмвм

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлады.

Дариға Назарбаева оқушылардың жазғы уақыты бос өтіп кетуіне байланысты, еліміздегі оқу маусымын шілдеге дейін созуды ұсынды. Полицияның мәліметі бойынша да жаз айларында жасөспірімдердің қатысуымен болатын қылмыс саны артып кетеді екен.

Қазақстандық бірінші сынып оқушылары биылғы оқу маусымынан бастап 1 қыркүйек пен 1 маусым аралығында оқиды.

“Оқу маусымы созылады…мен жақында ІІД баяндама жасаған мекеме аралық жиналысқа қатыстым. Олардың айтуынша жасөспірімдердің қатысуымен болатын қылмыстар осы жаз айларында өршіп кетеді екен. Өйткені, балалар үш айда не істерлерін білмей жүреді. Қазір барлық жерде аула клубтары мен жазғы лагерлер белсенді жұмыс істеп жатыр деп айту қиын”, – деді Назарбаева Астанадағы №81 мамандандырылған гимназияға барған сәтінде.

Ол Европада оқушылардың жазғы демалысқа 5 шілдеде шығатынын айтты.

“Біз де сол нұсқаға біртіндеп өтуіміз керек. Ал биыл бірінші сыныпқа баратын оқушылар олар 1 маусымға дейін оқиды. Ал негізінде жалпы оқу маусымы әрі кетсе маусым айының ортасына дейін созылуы мүмкін. Ал негізі өзім шілдеге дейін созылғанын қалаймын”, – деді вице-премьер.

Талқылау