Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дариға Назарбаева қоғамды әскерилерге құрмет көрсетуге шақырды

Қазақстан парламенті сенатындағы халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева Оңтүстік Қазақстан облысындағы ҚР ҰҚК шекара қызметі 2020 әскери бөліміне барды.

1896433

Фото: ҚР парламенті сенатының баспасөз қызметі

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Назарбаева басқа да сенаторлармен бірге “Жібек жолы” өткізу бекетіне және Сарыағаш шекара отрядындағы “Дархан” заставасына барған. Әскери техникалармен, қызмет барысымен танысқан Дариға Назарбаева шекара қызметінің жұмысына жоғары баға берді. Ол сондай-ақ, ортақ авиация қызметін құруды да ұсынды. “Бұл бюджет қаржысын пайдалануды тиімді етеді” деді ол.

“Жалпы мен біздің әскерилермен мақтанамын, олар қиын тұрмысқа қарамастан ауыр қызметтерін абыроймен атқарып жүр. Осы кәсіпті таңдаған жандарға үлкен құрметпен қарау керекпіз, оларға денсаулық тілейміз. Жақында Қазақстан қарулы күштерінің 25 жылдығы, сондықтан журналистерді әскерилерге назар аударуды сұраймын. Олар бізге бейбітшілік сыйлап отыр. Қоғам әскери адамдарға құрметпен қарау керек”, – деді ол.

Сондай-ақ, сенаторлар “Жас ұлан” республикалық әскери мектебіне де барды. Олар жас отан қорғаушылармен кездесіп, мектепке компьютер сыныбы мен медициналық жабдықтар тарту етті.

Оқи отырыңыз:

Сағынтаев Сапарбаевты клондауды ұсынды

Депутат: Қазақстан азаматтығын сұраушылар тарих пен қазақ тілден емтихан тапсыруы тиіс

Жер дауынан кейін әзірленген заң жобасы парламентке түсті

Мұғалімдер тағы да міндетіне жатпайтын жұмыстарға “жегілмек”

Талқылау