Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дариға Назарбаева: Қазақстандықтарға болашақта қытай тілін білу қажет болады

Қазақстандықтарға “жақын болашақта” қытай тілін білу қажет болады. Бұл туралы Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаева мәлімдеді, – деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары.

b115e9ee8b759b720509e8e12aeb4681

Сурет ortcom.kz сайтынан алынды

“Бүгінде біз балаларымызды кем дегенде үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) білім алуға үйретуіміз керек. Кем дегенде. Өйткені жақын болашақта барлығымызға қытай тілін де білу қажет болады”, — деді Назарбаева Қазақстан білім және ғылым министрлігінің алқа отырысында.

Ол, Қытайдың қарқынды дамып келе жатқанын атып өтті. “Дегенмен, Қытай — ол Қытай. Ол асықпайды, ол “жүз жыл” санатымен ойланады. Қытай — біздің досымыз, өте маңызды сауда серіктесіміз және біздің экономикамызға қаражат салған ең ірі инвестор”, — деді ол.

Дариға Назарбаева ағылшын тілінің маңыздылығын айта отырып, барлық ілімнің көп бөлігі ағылшын тілінде шығып жатқанын айтты.

«Оқу әдебиеттері, монографиялар, ғаламтор жүйесі толықтай ағылшын тілінде деуге болады. Ағылшын тілінсіз қандай да бір инновацияны енгізу, жаңа істер бастау мүмкін емес», – деп қорытты ойын.

Талқылау