Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дариға Назарбаева қазақстандықтарды Ораза айт мейрамымен құттықтады

Дариға Назарбаева Еуразиялық медиафорумда сөйлеген қорытынды сөзінде қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады.

005211

Әбдірахманов Астананың неліктен Сирия бойынша келіссөздерге алаңқай ұсынғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik.

“Мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айы аяқталып, баршаңызды қайырымдылық пен мейрімділікке шақыратын Ораза айт мерекесі басталады. Бұл күні өкпе-ренішті ұмытып, жүрегімізді тәкаппарлық пен зұлымдықтан, менмендік пен қызғаныштан тазартуға тиіспіз.Қазақстандықтар үшін Ораза айт мерекесінің маңызы аса зор. Бұл мейрам біздің халықтың бірлігі мен бейтішілік және келісімге ұмтылысын көрсетеді. Ораза Айт қабыл болсын!”, — деді Дариға Назарбаева.

Сенбі күні Астанада 22 маусымда басталып, үш күнге созылған Еуразиялық медиафорум аяқталды.

Бүгін, 25 маусым, барша мұсылмандардың ұлық мерекесі – Ораза айт мейрамы.

Тағы да оқыңыз:

Алпамыс Шәрімов: Димаштың бағы жанды деп айта алмас едім (видео)

Алматыда еңіреген бала мен зар жылаған анаға қарамастан, сот орындаушылар үйлерінің күл-талқанын шығарды (фото)

Қуандық Рахым: Гауһар екеуміз бірге ән салмай тұрып бір-бірімізге өлердей ғашық болдық

Талқылау