Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дариға Назарбаева Қарағандыдағы шахтерлердің ереуіліне қатысты пікір білдірді

Қарағанды облысындағы жағдай Мемлекет басшысының бақылауында. Бұл туралы Сенат депутаты Дариға Назарбаева Қарағанды облысындағы шахтерлердің ереуіліне қатысты пікірінде айтты.

“Шахтерлердің жалақысына қатысты мәселе бұрын да айтылып жүрді, олар бұған дейін талаптарын қойған еді. Олардың еңбек жағдайы ауыр екенін айту керек. Күнде денсаулығына, тіпті өміріне де қауіп төнуі мүмкін. Бұл шахталарда қаншама адам жұмыс істеп, отбасын асырап отыр. Қарағанды облысы үшін шахталар аса маңызды екені белгілі”, — деді Назарбаева.

Ол “Арселор Миттал” әкімшілігінің бұл мәселені осындай даулы жағдайға жеткізгеніне өкініш білдірді.

Шахтерлер жалақыларын өсіруді сұрап отыр.

Ол комбинаттың экономикалық жағдайын ескеру керектігін айтты. Ал, “Арселор Миттал” бұл жағдайды ескермей отыр. Сонымен қоса, екі жақтың бір ымыраға келгенін қалайтынын да айта кетті.

“Мемлекет басшысы елде болып жатқан оқиғалардан хабардар. Оның Қарағанды облысындағы жағдайды мұқият бақылап отырғанына сенімдімін. Бұл облыс мемлекет басшысына жат емес, өңірдегі мәселелер ол үшін де аса маңызды”, – деді депутат.

Айта кетейік, “АрселорМиттал Теміртау” АҚ көмір департаментіне қарасты төрт шахтаның 200-ге жуық жұмысшысы 11 желтоқсанда түнгі ауысымнан кейін жер астынан шығудан бас тартқан еді. Олар еңбекақыны жүз пайыз өсіру мен зейнет жасын төмендету талабын қойды. 13 желтоқсанда жер астынан 150-ден астам кенші шықты. Соңғы мәлімет бойынша 500-дей шахтер әлі жер астында қалып отыр.

Тағы оқыңыз:

Қарағандылықтар ғарышқа жөнелту үшін АҚШ-тың NASА ғарыш агенттігіне долана тұқымын берді

Ақмола облысында Біржан сал ауданы пайда болды

Жамбыл облысында үшем дүниеге келді

Қостанай мен Өскемен мектептерінде ауа-райына байланысты сабақтар тоқтатылды

Талқылау