Дариға Назарбаева азық-түлік бағасының өсуін тоқтатуды талап етті
Дариға Назарбаева Ұлттық экономика министрлігінен еліміздегі қымбатшылықты дереу тоқтатуды талап етті, – деп хабарлайды КТК арнасы.
Депутат, әсіресе, тұрғындар жиі тұтынатын азық-түлік пен дәрі-дәрмектің құнына қатаң қадағалау орнату керек деп отыр. “Ауыл шаруашылығына субсидиялар бөлініп, жеңілдік жасалғанымен отандық азық-түлік бағасының арзандайтын түрі жоқ. Керісінше, күн сайын қымбаттауда. Фармацевтика саласында да дәл осындай жағдай. Меніңше, делдалдармен күресті күшейтетін уақыт келді”, – дейді Сенат депутаты Дариға Назарбаева.
Яғни, елімізде өндірілген тауардың бағасы бірнеше есеге арзан болуы керек дейді депутат. Сондықтан, Назарбаева Ұлттық экономика министрлігіне азық-түлік құнын бақылап, арадағы делдалдарға жазаны қатаңдатуды ұсынды. Бағаны қолдан көтергендер жазалануы тиіс. Сондай-ақ, сенатор экспорттың да көлемі бір орында тұрғанын айтып сынады. Қазақстанның сыртқа сататын тауар тізімі көбеймеген. Ал экспортты ұлғайту – еліміздің басты экономикалық жоспарларының бірі болатын.
Жіберіп алмаңыз:
Ақтөбелік террористер туралы тағы да бір фильм түсірілді (видео)
Дінтанушылар: Зират түйе өркешінен биік болмауы тиіс
Uber қызметкері алғашқы жұмыс күнінде-ақ жыныстық бопсалауға ұшырағанын айтты