Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дариға Назарбаева ауыз суға бөлінген жарты триллион теңгенің қайда кеткенін сұрады

Аймақтарды ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны бүгін Бермуд үшбұрышымен салыстырды. Осы жобаны іске асыру үшін жыл сайын миллиардтап бөлінетін қаржы құм сияқты жоқ болады. Бірақ, ауылдар әлі де ауыз сусыз қалады. Бүгін Сенат спикері Дариға Назарбаева осы ақшалардың қайда кеткенін сұрады, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеп.

Дариға Назарбаева ауыз суға бөлінген жарты триллион теңгенің қайда кеткенін сұрады

«Тәуелсіздік жылдарында өңірлерді ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесіне 540 миллиард теңге жұмсалды. Бірақ, неліктен көптеген елді мекендер әлі де ауыз суға қол жеткізе алмай отыр? Бұл бағдарлама қаражат жұмбақ жағдайда жоғалып кететін Бермуд үшбұрышы сияқты»,- дейді Сенат спикері Дариға Назарбаева.

Сенат төрағасына бұл феноменді ешкім түсіндіре алмады. Жергілікті билік те бұл мәселені шеше алмады. Тіпті, ауыл әкімдеріне өздерінің бюджеттерін қалыптастырудың сирек мүмкіндігі берілгеніне қарамастан, мәселе шешілмеді. Өйткені, бұл әлі пайда әкелмеді . Статистика бойынша республикадағы ауылдық округтердің 95%-ы дотациялы және жоғары бюджеттерден қаржыландырылған. Ал жыл сайын олар үшін қазынадан 100 млрд теңге бөлінеді, бірақ оның нәтижесі көпшілік күткендей болмады.
 

Талқылау