Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дариға Назарбаева араб, қытай тілдерін меңгергісі келіп жүр

Премьер-министрдің орынбасары Дариға Назарбаева алты тілді әртүрлі деңгейде білетінін, алдағы уақытта араб және қытай тілдерін меңгергісі келетінін айтты. Мұнымен қатар, қазақ халқын шет тілдерін үйренуге шақырды.

80424673-C7C9-4F21-8FDB-4BCD7DA94A61_mw1024_s_n

Фото: kstnews.kz

Бұл туралы “ҚазАқпарат” хабарлайды.

“Менің тілге деген құштарлығым туралы білесіздер, тіл білу арқылы мінсіздікке қол жеткізесің. Қай жерге барсаң да, сен өзге тілді естіп, бұл өзіңді де, өзіңді қоршаған ортаны да басқа сезімге бөлейтінін түсінесің. Мен ана тілімнен бөлек, орыс, ағылшын, италян тілдерін білемін. Бір кездері неміс тілін үйренгенмін, оны да белгілі бір дәрежеде білемін. Аталған тілде барлығын түсінемін, немісше фильмдер көре аламын, бар болғаны практика жетіспейді. Бұдан өзге француз тілін үйреніп жүрмін”, – дейді Дариға Назарбаева.

Премьер-министрдің орынбасары, мұнымен қатар, қытай, араб тілдерін меңгергісі келіп жүргенін айтты. Жас күнінде ата-анасы да уақытын босқа құртпауға кеңес берген екен. Бұл туралы “Мен дәл қазір оларды жақсы түсінемін, өйткені әдеттегідей олардыкі рас. Расымен де, қазір көп нәрсе үйренгім келеді, бірақ уақытым жетпейді”, – дейді.

Естеріңізге сала кетсек, Дариға Назарбаеваның оқу маусымын шілдеге дейін созуды ұсынғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Талқылау