Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дариға Назарбаева алматылық мұғалімдерге нағыз бизнес-сабақ өткізді

Дариға Назарбаева қазақстандық білім беру мекемелері жеке қажеттіліктерін өздері таба алатына сенім  білдірді. Бүгін ол қазақстандық мектептердің мүлдем басқа болуына мүмкіндік беретін бірнеше нұсқаны ұсынды. Алматыға елбасының жаңа жолдауын түсіндіру үшін келген депутат онда идеясын да айтып өтті, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Дариға Назарбаева алматылық мұғалімдерге нағыз бизнес-сабақ өткізді

Бүгін Дариға Назарбаева алматылық мұғалімдерге нағыз бизнес-сабақ өткізді. Оның айтуынша, бюджет қаржысына тәуелді мектептер қаражат жетіспеушілігін өздері толтыра алады. Мысалы, сенатор мектеп басшыларына бос тұрған кейбір бөлмелерді жалға беруді ұсынды.

«Бүгінде бізде спорттық инфрақұрылым жоқ, әсіресе өңірлерде. Бірақ ол мектептерде бар. Кешке қарай оқушылар үйлеріне қайтқанда спорт залдарын жалға беруге болады. Мысалы  ауылдарда, өңірлерде үйлену тойлары асханаларда атап өтіледі, мектептерде дастархан жасалады. Мектеп әкімшілігі осылайша ақша табады және бұл ресми бюджетке түсетін қаражат болуы мүмкін. Міне, мен осы тәсілді қолдаймын»,-  дейді ҚР Парламенті Сенатының сыртқы байланыстар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева.

Сенатор ақша табудың тағы бір тәсілімен бөлісті. Оның сөзінше, асхананы жалға беруді қойып, мектептер тағамдарды өздері дайындауды қолға алулары керек. Ал одан түскен табысты мектептің қажеттілігіне жұмсауға болады.

«Мектепте 1000 бала болса, қаладағы кафетерийдің қайсысы тұрақты клиенттерімен мақтана алады. Оқушылар күн сайын дәмханада тамақтанады. Орташа алғанда олар түскі асты 300 теңгеден сатып алады. Енді санап көріңіздер. Күніне 300 мың теңге, міне сіздің табысыңыз! Мектептер тамақтануды ұйымдастыру арқылы бір жылда қанша ақша таба алады?»,-деді Дариға Назарбаева.

Дариға Назарбаева мұғалімдерді мәселелерді өздігінен шешуді үйренуге шақырды. Сондай-ақ, ол білім беру мекемелеріне жеке инвестицияларды тарту қажет екенін айтты.

«Біз қаншалықты құрылыс салсақ та, халықтың санына қуып жете алмаймыз. Ал бұл созылмалы мәселе болады және оны түсіну керек. Тіпті үш жылға  50 миллиард теңге бөлген кезде де, бізде 53 ауысымдық мектептер мен 33 апаттық мектепте шешілмеген мәселе қалады. Сондықтан біз жеке меншік иелерін мектептерге тарту үшін әкімдіктерге бизнесті ынталандыруға шақырамыз»,- деді сенатор.

Мемлекет басшысының жаңа жолдауы үлкен өзгерістердің болуына уәде береді. Әсіресе жалақыға қатысты. Жаңа жолдауда жалақы мөлшері көтеріледі делінген. Келесі жылдан бастап ең төменгі өлшем бір жарым есеге – 28-ден 42 мың теңгеге дейін артады. Тағы бір маңызды бөлім – денсаулық сақтау саласында орын алмақ. Жаңа жылы аудандық дәрігерлердің жалақысы 20% -ға артады және халықта электронды денсаулық паспорты болады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау