Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дариға Назарбаева: 2-3 жылдан соң мектеп түлектері ағылшынша сөйлейтін болады

ҚР премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаева ел билігінің 2018-2019 жылдарға қарай мектеп түлектерінің барлығы ағылшынша үйреніп сөйлей алуы үшін жағдай жасайтынын айтты.

Безымянный

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

Ертеректе еліміздегі мектептерді үш тілді білім беруге көшіру мәселесі 2023 жылға таяу жоспарланып, жоғарғы сыныптарға ағылшын тілінде бірнеше пән өткізілетіні хабарланған еді.

“Шамамен 2018-2019 жылдарға қарай біз мектеп бітіруші түлектер ағылшынша меңгеріп шығады деп ойлаймыз. Бұл ретте оқытушылар құрамынан көп нәрсе талап етіледі. Олар қазірден бастап ағылшын тілін үйрене бастауы керек”, – деді Назарбаева Астана әкімдігінің кәсіби-техникалық колледжінде сөйлеген сөзінде.

Ол тілді жылдам үйрену үшін көптеген тәсілдер бар екенін айтты: қашықтықтан оқып және электронды тест тапсырып отыру – бұл жылдам әрі экономикалық тұрғыда арзан.

“Маған оқулықтар жоқ, әдебиеттерді табу қиын деп сұрақ қойды. Міне, ағылшын тілінде ондай кітаптарды көптеп табуға болады. Егер біз тілді білсек, қажетті әдебиеттерге қолжетімділік арта түседі. Жалқауланбау керек. “Біз үлкейіп кеттік, үйрену қиын” деген сөзді де тоқтату керек. Егер адам қосымша тіл үйрене бастаса, оның есте сақтау қабілеті де арта түседі. Бұл Альцгеймер ауруын емдеу жолы ретінде ғылыми тұрғыда дәлелденген”, – деді вице-премьер.

Ол сондай-ақ, адамдардың осыған дейін де ағылшын тілін оқып, үйренгенін бірақ, тәжірибе жүзінде жиі қолданбағандықтан ұмытып қалатынын да айтып өтті.

“Біз нағыз үйрену керек кезінде оның артықшылығын білмедік. Кеңестік кезеңде шет ел асып кету тіпті мүмкін емес еді. Ал қазір мүлде басқа заман: бәрінде интернет бар, білім, ғылым – бәрінің кілті ағылшын тілінде. Сондықтан өз-өзімізді шектеудің қажеті жоқ, біздің балаларымыз бұл мүмкіндікті игеруі тиіс”, – деді ол.

Талқылау