Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәретханаға тастап кеткен қызды асырап алуға ниетті жұп сәбимен кездесті

Дәретханада туылған қыздың жағдайын естіген  Ахметовтер отбасы нәрестені  бірден асырап алуға бел буған еді. Бірнеше күннен бері құжат жинаған ерлі-зайыптылар бүгін  Жансаямен кездесті. Екі күннен бері балалар үйінің есігін торуылдаған жұп, оны қазірден жақсы көріп үйлеріне алып кетуге асық екендерін айтады.

балала3

Өңірдегі STAN.KZ сайтының тілшісі  Жансаяның  болашақ ата-анасымен   кездесуінің куәсі болған еді.

балала4

Ахметовтер отбасының шаңырақ көтергеніне 4 жылдан асқан. Осыған дейін отбасында бала болмапты.  Жансаяның тағдырын естіген отбасы бірден оны қолдарына алып бағып-қағуды ойлаған.

балала2

“Осы мәселе көтерілгеннен бастап жүрегім ауырды. Баланың ешқандай жағдайға кінәсі жоқ. Ол періште. Кеше осы “Үміт” балалар үйіне алып келетін шығар деп кешке дейін тостық. Бүгін таңнан бастап қызымызды күтіп отырдық. Қолыма алып, бауырыма бастым. Жүрегім елжіреп, көңілім босап кетті”,-дейді Елена.

балала1

Жансаяны асырап алуға ниетті отбасы қажетті құжаттардың барлығын жинап қойған. Бүгін өткізбекші болғанымен Жансаяны күтіп алуға, бір көруге асыққан.

балала5

 

бала55

бала11

Бұған дейін бұл отбасының баланы іздеп,құжат дайындауға кіріскендері жайлы хабарлаған болатынбыз. Періштеге  кеше заңды түрде Жансая деген есім берілді.

Талқылау