Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәретханаға тасталған сәбиді құтқарып қалған жамбылдық фельдшер марапатталды

Жамбыл облысындағы жол бойындағы медициналық құтқару бекетінің фельдшері Ермек Меңдібаев “ерлігі үшін” медалімен марапатталды. Ол осы жылдың қаңтар айында дәретхана шұңқырына тасталған жаңа туған сәбиді құтқарып қалған.

ымы

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Шұңыл қоңырау түскен сәтте Ермек кезекшілікті тапсырып үйге қайтайын деп жатқан. Фельдшер дереу көмекке ұмтылып, дәретханаға тасталған сәбидің өмірін аман сақтап қалу үшін барын салды. Ол жаңа туған сәби қолында тұрып жылаған кезде қатты қуанғанын айтады.

“Баланың тірі қалғанын көргенде қатты толқып қуандым. Оның жолы болды. Мен барған кезде сәби ешқандай дыбыс білдірмеді, мен үлгермей қалдым ба деп қорқып кеттім. Ал қолыма ұстаған кезде, ол жылай бастады. Бұл сәттегі қуаныш сезімін айтып жеткізу қиын”, – дейді фельдшер Ермек Меңдібаев.

Жыл басында қаңтар айында Жамбыл облысы аумағында тас жол бойындағы дәретханадан жаңа туған сәби табылған еді. Бірнеше күннен соң полиция оны тастаған анасы 21 жастағы жергілікті тұрғын екенін анықтаған. 2016 жылы сәуір айында әйел 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Талқылау