Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәретханадан табылған баланы асырап алуға ниетті жұптың сәбимен бірінші кездесудегі қуанышы (видео)

Бірнеше жылдан бері отбасын құрғаны мен бала сүю бақыты бұйырмай жүрген Ахметовтер отбасы Жансаяны теледир, сайттардан көре салып асырап алуға бел буған. От анасы Елена баланы алғаш көргенде  қуаныштан  көз жасына ерік берді.

асырап алушы

Елена бала жайлы естігеннен бастап өзін жайсыз сезінгенін айтқан еді.

” Мен баланың суреттін көргеннен бастап жүрегім ауырды. Ертерек қолыма алып бауырыма басуды ойладым. Барлық туған-туысымызғаосындай ойымыздың барын айттық. Ешкім қарсы емес. Қайта қуанышты. Осы кездесуді асыға күттік. Күндіз ойымнан,түнде түсімнен кетпей қойды Жансая”,-дейді Елена.

 

STAN.KZ сайтының  өңірдегі тілшісі  Жансаяның болашақ ата-анасымен кездесуінің куәсі болып қайтқан еді.

Талқылау