Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәретхана шұқырына түсіп, баланы алып шыққан құтқарушы басында шошып кеткен

Апаттар медицинасы орталығы күре жолдың медициналық пункітінде фельдшер-диспедчер қызметін атқаратын  Ермек Меңдібаев дәретханадағы нәрестені құтқару үшін Жамбыл жол жиегіндегі қоғамдық дәретхана шұқырына түсіп, баланы алғаш қолына алған.

құтқарушы

Баланы бірінші дәретханаға кіріп, дыбысын естіген Көпәділовтер  отбасы болатын. Қонаққа баражатқандар сәби даусын ести салып  бірден  полиция мен жедел жәрдем қызметіне хабарласқан.

Құтқару тобы аязды күні туыла салысымен жалаңаш күйде дәретханаға тасталған баланы сыртқа алып шығатын адамды әрең таңдаған. Себебі, әжетхананың ойығы тар болған.

Ермек Меңдібаев алғаш жаңа туылған баланың дәретханаға тасталғанын естігенде шошып кеткен. Тіпті қорқынышты түс көргендей болғанын айтады.

«Біз келгенде шұқырдан сәбидің шырылдап жылап жатқаны естілді. Кішкентай тесіктен  6 жасар баланы түсірмек ой болды. Бірақ кішкентай бала сәбиді көтеріп алып бере ала алатынына күмәніміз бар еді. Жиналғандардың ішіндегі ең салмағы аз мен едім. Сөйтіп, екі қолымнан төбеден ұстап ішке түсірді. Бұл сәтте бала дыбыссыз жатты. Бала тынышталып қалған соң, баланы уайымдап, бойымды үрей биледі. Ішке түсіп баланы ұстағаным сол бала шырылдап қоя берді… Кіндігін зажиммен қыстырдым. Денесі жып-жылы. Жөргекке орасам құлатып аламын ба деп, жалаңаш күйінде тыстағыларға бердім»,- дейді Ермек.

“Жаурап әрі жылап шаршаған сәбідің дін аман екенін естігенде тек мен емес сондағылардың барлығы қуанып кеттік”,-дейді дәрігер.


Читайте также:

Doll on the rocksМладенцы на трассах: почему женщины в Казахстане убивают собственных детей

Талқылау