Данэлия Төлешова танымал қырғыз режиссерінің фильміне түспек

The world’s best шоуына қатысып, Америкадан оралған Данэлия Төлешованың шығармашылықтағы ендігі жоспары киномен байланысты. Жас талант киноға түсіп, актриса атанбақ. Ол танымал қырғызстандық режиссердің фильміне түспек.

"Енді актриса": Данэлия Төлешова кино саласына бет бұрды

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Руслан Акунның ғаламторсыз күн кешетін жастар жайлы фильмі «Каникулы off-line» деп аталады. Ал Данэлия алғашқыда желідегі парақшасын анасы жүргізгенін жасырмайды. Жас дарын иесі бүгінде Instagram тізгінін өз қолына алған.

“Әрине, мен де кез-келген ғаламторға тәуелді адам сияқты, интернетте отырамын. Кейде тым көп уақытымды әлеуметтік желіге жұмсаймын. Бұл әдеттің кері әсерін тигізетінін де білемін”, – дейді Данэлия.

Данэлия әлеуметтік желіде өзіне жағымсыз пікір қалдыратын оқырмандардың баршылық екенін айтады.
«Жұлдыз ауруына шалдыққан, кішкентай, сүйкімсіз және сол сияқты көптеген жағымсыз коментарий қалдырады», – дейді Данэлия.

Төлешова енді музыкалық байқауларды шетке ысыра тұрып, кино әлемінде бағын сынап көрмек. Ол қырғыз режиссері Руслан Акунның кезекті комедиясына шақырту алған. Данэлияға фильмде өз-өзін сомдау бұйырыпты.

“Мен қазір басқа да кастингтерге қатысып жүрмін. Енді жақын арада, арманым орындалады деген үміттемін. Себебі мен болашақта әнші ғана емес, актриса да болғым келеді”, – дейді Данэлия Төлешова.

«В поисках мамы» картинасымен қазақ көрерменіне жақсы таныс режиссер Руслан Акун «Каникулы off-line» туындысының саундтрегін шырқауды да Данелияға сеніп тапсырыпты.

“Фильмге арналған тректі көп уақыт дайындадық. Саундтректі кім орындау қажет деген сәтте, бірден Данелия есімізге түсті. Кішкентай балаларға, Данелия шырқайтын болса, сенімдірек болады деп ойлаймын”, – дейді режиссер Руслан Акун.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр