Данэлия Төлешова “Балалар Евровидениесінде” Қазақстанның атынан өнер көрсетеді

Данэлия Төлешова “Балалар Евровидениесі” байқауына Қазақстанның атынан қатысады. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

2018 жылдың 22 қыркүйегінде Алматыда әділ қазылар жас вокалистерді іріктеп, байқауға қатысатын адамды анықтады.

“Халық Аренада” көрермендердің алдында 10 әнші өнер көрсетті. Әділ қазылар оларды 134 вокалистердің ішінен іріктеп, финалға өткізген.

Гала-концерт республикалық “Хабар” арнасында, тікелей эфирде көрсетілді. Көрермендердің дауысы әділ қазылардың дауысымен бірге есептелінді. Қазақстандық шоу-бизнестің танымал тұлғалары: Роза Рымбаева, Тамара Асар, Бағым Мухитденова, Ренат Гайсин, Ләйлә Сұлтанқызы, Мадина Сәдуақасова гала-концертте төрелік етті.

Гала-концертте әндер бірінші рет шырқалды. Бұл — халықаралық байқау талаптарының бірі.

12 жастағы Данэлия Төлешова сазгер Иван Лопуховтың Камила Даированың өлеңіне жазылған “Өзіңе сен” әнін орындады.

Естеріңізге сала кетейік, Данэлия Төлешова 2017 жылы украиналық “Голос. Діти” байқауының жеңімпазы атанған.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
19.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар