Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Данияр Елеусінов: Жартылай финалға шыққан жеңісімді жұбайымның туған күніне арнаймын

«Жартылай финалға шыққан жеңісімді бүгінгі әйелімнің туған күніне арнаймын», – деді боксшы Данияр Елеусінов бүгінгі жеңісінен кейін берген шағын сұхбатында.
20160814044729

Бүл туралы ҚазАқпарат жазған.

«Бүгін үйдегі жан жарымның туған күні. Осы жеңісімді соған арнаймын. Оның туған күніне жасаған тартуым – бұл», – деп атап өтті Данияр Елеусінов.

Сондай-ақ, бұрынғы жеңістерінің барлығын бірінші кімге арнайтынын айтты.

«Осыған дейін жеңістерімнің барлығын бірінші анама арнайтынмын. Бірақ, бүгін әйеліме арнауға тура келді. Себебі, мен маңызды жарысқа шығатын күнімен оның туған күні тура келді. Сондықтан, әйеліме арнағым келді. Жалпы менің жеңісім – отбасымның жеңісі. Отбасымның жеңісі – елдің жеңісі», –  деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, Данияр бүгін венесуэлалық спортшы Габриель Маэстрені жеңіп, жартылай финалға шықты.

Ал, 25 жастағы боксшымыз 2013 жылы әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Сонымен қатар 2010 жылы және 2014 жылы Азия ойындарының жеңімпазы, халықаралық санаттағы спорт шебері. Данияр Батыс Қазақстан облысының тумасы, қазіргі уақытта Астанада әкесі Марат Елеусіновтің қол астында жаттығады.

1/8 финалда Данияр британдық боксшы Джошуа Келлиден басым түскен еді.

Данияр 2012 жылғы Лондон Олимпиадасына қатысқан. Рио оның спорттық мансабындағы екінші Олимпиадасы.

Жіберіп алмаңыз:

Данияр Елеусінов олимпиада ойындарының жартылай финалына шықты

Василий Левит олимпиада ойындарының финалына шықты

Олжас Сәттібаев олимпиада ойындарындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

Баландин, Сметов және Галбадрах 15 тамызда елге оралады

 

Талқылау