Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Данияр Елеусінов веложарысқа қатысты (фото)

Оралда бұқаралық веложарыс өтті. Спорттық шараға Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов пен қола жүлдегер Екатерина Ларионова қатысты.

0001

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

Ұйымдастырушылар веложарысты ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Қала күніне арнады. Бұқаралық шараға еңбектеген сәбиден еңкейген кәріге дейін қатысты. Жарыс жолына шыққандардың ең жасы төртте болса, ең үлкені сексеннің сеңгіріне шыққан ардагерлер. Веложарысты БҚО мен Орал басшылары, сондай-ақ олимпиадашылар Данияр Елеусінов пен Екатерина Ларионова бастады.

000002

«Осындай шараға қатысқаныма қуаныштымын. Олимпиада жүлдесін иеленген спортшыларымыз жастарға үлгі-өнеге болады деген үміттемін. Осы орайда жерлестерімді Қала күнімен құттықтап, мықты денсаулық, көтеріңкі көңіл-күй тілеймін», – деп атап өтті Данияр Елеусінов.

Қадыр Мырза Әли алаңынан басталған веложарыс Петр Атоян атындағы стадионда мәресіне жетті. Үздік велошабандоздар 9 шақырымдық қашықтықты жарты сағаттың ішінде жүріп өтті.

Спорттық шара соңында лототрон көмегімен Данияр Елеусіновтің қолтаңбасы бар екі жұп бокс қолғабы мен бес велосипед, спорт залдарға абонемент ойнатылды.

Талқылау