Данияр Елеусінов табысқа жетуінің құпиясын ашты

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов америкалық қарсыласы Мэтт Доэртимен жекпе-жек алдында Бостонда өткен баспасөз конференциясына қатысты. Ол табысқа жетуінің құпиясымен бөлісті.

Данияр Елеусінов

Бұл туралы Sports.kz порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Маған Бостон ұнайды. Бұл жақсы қала. Адамдары да жағымды. Бұл жерде жұдырықтасу – мен үшін құрмет. Мен Америкада көп айқасқым келеді. Себебі АҚШ – «бокстың Меккесі» . Джон Дэвид Джексон(ред. Өзінің бапкері) – чемпиондарды шығарған бапкер. Өзі де чемпион болған. Онымен жұмыс істеген кезде мен өзімнің жұдырықтасу шеберлігімді жақсарттым. Ол өзінің не істеп жүргенін жақсы біледі», – дейді Елеусінов.

Айта кетсек, Данияр Елеусіновтің жекпе-жегі 21 қазанда Бостондағы TD Garden аренасында өтеді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
21.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар