Данияр Елеусінов қарсыласын таза жеңіспен ұтты

Жұма, 12 Тамыз , 2016 7:04

Бүгін Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында бокстан 69 келіге дейін салмақта өнер көрсеткен Данияр Елеусінов ұлыбританиялық қарсыласы Джош Келлиді аса басымдықпен ұтып, келесі кезеңге жолдама алды

данияр

Бұл туралы Риодағы ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.

Данияр алғашқы раундтан-ақ  тізгінді өз қолына алды. Қарсыласын қуып та, тұрып та сабады. Екінші раундыда ұлыбританиялық боксшы Даниярды қайта-қайта құшақтай берді. Төреші бір емес, бірнеше рет ескерту де жасады. Үшінші раундыда да қазақ боксшысынан ұтылып жатқанын білген Келли өзіне соққы дарытпауға тырысып көрді. Алайда, қазақтың жуан жұдырығы мұрынын бұзбаса да, есеңгіретіп тастады.Гонг соғылып, төреші тоқта дегенде қуанғаны белгісіз, қазақтың қайсар ұлына таңғалғаны белгісіз артына бұрылып, өзі рингке көтерілген  бұрышына беттеп бара жатқан Даниярдың артынан ұзақ қарады.

Осылайша, төрешілердің шешімімен жерлесіміз алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастады. Есеп 3:0.

Ал осыған дейін шаршы алаңға шыққан Қайрат Ералиев (56 келі) қарсыласын айқын басымдықпен ұтса, өкінішке қарай  Абылайхан Жүсіпов (64 келі) ұлыбританиялық Пэт Маккормактан ұтылып қалды.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

5
Комментариев
  • Анонимно says:

    Жарайсың, алға, тек қана алға, Данияр! Бар үмітіміз сенде!

  • Анонимно says:

    Жарайсын дони

  • Анонимно says:

    Жаксы Осылай токтатпандар

  • Анонимно says:

    Жарайсындар !!!

    • Анонимно says:

      Данияр Кайынды тумасы шалгайда жаткан кишигирим ауылдан шыккан елинин туын биикке котерген батыры.Жарайсын!
      Мирон аулынан Салтанат

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар