Данияр Елеусінов Instagram-да әзілдеген оқырманын жекпе жекке шақырды

Бүгін Мэтт Доэртимен жекпе жекке шығып, жеңіске жеткен Данияр Елеусінов желі қолданушысын жекпе жекке шақырды.

Данияр Елеусінов

Ол жекпе жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтіп, бұл туралы желіде жазды.

“Салмақ өлшеу рәсімі сәтті шықты. Ертең жекпе жек”, – деп жазды Елеусінов.

Оған желі қолданушысы “Чёрттармен шыға береді екенсің” деп жазды. Бұл сөз спортшының назарынан тыс қалмады. Спортшы “Келесіде сенімен шығамын онда” деп  жауап қатты.

Данияр Бостонда (Массачусетс штаты) жергілікті спортшы Мэтт Доэртимен кездесіп, кәсіби боктағы жеңісіне қол жеткізді.

Еске салайық, Данияр Елеусінов 4 тамыз күні венгриялық Габор Горбичті (26-13, 16КО) ұпай санымен жеңген болатын.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
21.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар