Данияр Елеусінов финалға шықты

Сейсенбі, 16 Тамыз , 2016 4:12

Бүгін Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында бокстан 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде рингке шыққан қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов француздық Диопа Сулеймане Сисокконы ұтып, финалға шықты.

20160816040123

Данияр кездесу барысында аздаған жарақат алып, жанкүйерлерінің көңілін бір толқытты. Алайда әрі қарай басымдылықты қолына алып, жекпе-жек тағдырын өз пайдасына шеше алды.

Ал, 25 жастағы боксшымыз 2013 жылы әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Сонымен қатар 2010 жылы және 2014 жылы Азия ойындарының жеңімпазы, халықаралық санаттағы спорт шебері. Данияр Батыс Қазақстан облысының тумасы, қазіргі уақытта Астанада әкесі Марат Елеусіновтің қол астында жаттығады.

1/8 финалда Данияр британдық боксшы Джошуа Келлиден басым түскен еді.

Данияр 2012 жылғы Лондон Олимпиадасына қатысқан. Рио оның спорттық мансабындағы екінші Олимпиадасы.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Анонимно says:

    Сау болш. Данияр тек алға. Тек төрешілер тағыда бірдеңені былықтырып жүрмесе болды.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар