Данияр Елеусінов әлем чемпионымен рингке шығады

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов 24 қарашада Монте-Карлода (Монако) кәсіби рингтегі бесінші жекпе-жегін өткізеді.

Данияр Елеусінов

Бұл туралы Sports.kz порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Бокс кешінде Елеусінов WBA нұсқасы бойынша екінші жеңіл салмақтағы жеңілмеген әлем чемпионы Халид Яфаймен рингті бөлісетін болады. Халид Яфайдың қарсыласы – боксшы Исраэль Гонсалес.

Ал WBA Super және IBF нұсқалары бойынша алғашқы ауыр салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы Денис Лебедев пен Майк Уилсон кеш хедлайнерлері болады. Фрэнк Бульони мен Фанлон Мен жартылай ауыр салмақта IBF Inter-Continental чемпиондық атағы үшін айқасады.

Сонымен қатар аталған кеште Жилей Жан мен Александр Устинов жекпе-жек көрсетеді.

Десе де қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің қарсыласы кім болатыны әзірге хабарланбады. Боксшы 20 қазанда Бостонда (АҚШ) америкалық қарсыласы Мэтт Доэртимен жұдырықтасады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
21.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар