Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Данияр Ақышев «7-20-25» бағдарламасының қосылатын уақытын айтты

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев «7-20-25» бағдарламасының нақты қашан іске қосылатыны мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл компания облигациялар шығарады және тартылған қаражат есебінен банктерден 1 трлн теңгеге дейінгі көлемде қарыздарды сатып алады. Қазіргі уақытта ұйым өзара іс-қимыл жасаудың техникалық мәселелерін іс жүзінде іске асыруды талқылау үшін банктермен тығыз өзара іс-қимыл жасауда», – деді Ақышев.

Данияр Ақышевтің айтуынша, бағдарламаны пайдаланушылар мемлекеттен өтеусіз көмек алып жатырмыз деген ойда болмау керек. Сонымен қатар қарыз алу үшін 20 пайыздық баспапқы жарнасы болуы міндетті.

«Қарыз алушылар тарапынан да, банктер тарапынан да төлем қабілетінің болуы және әділ нарықтық қағидаттарды қатаң сақтау жаңа ипотекалық бағдарламаның негізі болады. Қарыз алушыда 20% мөлшеріндегі бастапқы жарнаның болуы – Бағдарламадағы негізгі талаптарының бірі. Бұдан басқа, әлеуетті қарыз алушылардың мұндай жарнаны банкке беруі оларға алынатын қарыздың ең аз мөлшерін қамтамасыз ететінін, демек қарыз бойынша пайыздық шығыстар да аз болатынын түсінгені маңызды», – деп түсіндірді Ақышев.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау