Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Данияда жедел сексуалды көмек көрсететін қызмет түрі пайда болды

Дания астанасында жедел сексуалды көмек көрсететін ерекше көлік пайда болды.

a166dca7-f489-4ad9-99dd-8d9c1daee214

Фото: theguardian.com

Бұл туралы The Guardian басылымы хабарлайды.

Копенгаген көшесіндегі көлік жезөкшелердің өмірінің қауіпсіздігін қадағалайды. Көлікті құрастырушылар оған Sexelance деген ат берген.

Сондай-ақ, оның артқы есігінде “Егер көлік қозғалып жатса, онда есік қақпаңыздар” деген жазу да бар.

Ел астанасында жеңіл жүрісті қыздар көбінесе арнайы ғимараттарда емес, көше бойында да жұмыс істей береді екен. Статистика бойынша түнгі көбелектердің 40 пайызы көше бойында зорлықтың құрбаны болған. Ал арнайы ғимараттарда жұмыс істесе онда аталған қауіп үш пайызға дейін төмендейді екен. Ал арнайы жасалып шыққан көлік жезөкшелерді қауіпті шабуылдардан қорғап қалады.

7357fe9c-3ea9-44e9-9149-db87ad26ee39

Автомобилде жезөкшелердің клиентке қызмет көрсетуіне жағдай жасалған арнайы орын бар. Егер клиент жезөкшеге күш көрсетсе, онда құқық қорғау органдарына дереу хабар беріледі.

Оқи отырыңыз:

Жолаушы қыз мас жүргізушінің орнына автобус айдады

Жапонияда тілалғыш және ақылды балаларды қалай тәрбиелейді?

Еврейлер балаларын білімді, ақылды өзіне сенімді болуы үшін қалай тәрбиелейді

Таңғы асқа жеуге болмайтын тағамдарды білесіз бе?

Талқылау