Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Дания Еспаева ресми түрде Қазақстан президенттігіне үміткер болды

Орталық сайлау комиссиясы «Ақ жол» демократиялық партиясының атынан президенттікке ұсынылған Дания Еспаеваны үміткер ретінде тіркеу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Дания

Сенбі күні Орталық сайлау комиссиясының отырысында Дания Еспаеваны Қазақстан президенттігіне үміткер ретінде тіркеу туралы қарар жобасы қаралды.

Айта кетсек, Еспаева президенттікке үміткер ретінде «Ақ жол» партиясының атынан ұсынылды. Оның үміткер ретінде ұсынылған құжаттары 25 сәуірде ОСК-на келіп түсті. Сондай-ақ, ол мемлекеттік тілді білуге арналған емтиханнан да сәтті өтті.

Хабарламаға сүйенсек, Қазақстанның барлық 17 өңірінен 144 098 адам Дания Еспаеваны қолдау үшін қол қойыпты. Оның ішінде 139 541 адам сенімді деп танылды.
 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр