Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Даниал Ахметовтің сынынан соң Өскемен әкімі орнынан кетті

Өскемен әкімі Қуат Тұмабаев өтініш жазып өз екімен қызметінен кетті. Бұған дейін қала әкімі Даниал Ахметовтен сын естіген еді, деп хабарлайды Stan.kz.

Қуат Тұмабаевтың қызметінен босату туалы ресми түрде өтініш жазып, өз еркімен орнынан кетті. Бұған дейін желіде ол Өскемен қаласының шыға берісіндегі Қабанбай ескерткішінің суретін салған болатын. «Саған әлі келермін» деп жазды әкім.

Тұмабаев жұмыстан кету туралы өтінішті 13 тамызда жазған.

Даниал Ахметов Өскемен әкімінен қызметінен кетуді сұраған болатын.

«Мен Қуат Тұмабаевтың осындай лауазымды қызмет атқаруына моральді түрде құқығы жоқ деп есептемін. Оған өтініш жазып, жұмысына кетуді ұсындым», – деген еді Даниал Ахметов.

Қуат Тұмабаев Риддерде болған жол апатына куәгер болды. 15 сәуірде болған апатта BMW Х5 көлігінің жүргізушісі көз жұмған еді. Апатқа Риддер әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманбаев кінәлі болды. Ал,Тұмабаев өзінің айтуынша, Құрманбаевтың көлігін айдап, сол маңнан өтіп кеткен жедел жәрдем көлігін қуып жетпек болған.

Бұған дейін ШҚО бойынша жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекет істері департаментінің этика жөніндегі кеңесінде Тұмабаевтың қызметіне лайық емес екені айтылды. Кеңеске қатысушылар оны мемлекеттік қызмет имиджіне нұқсан келтірді деп айыптады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау