Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Даниал Ахметов Риддерде орын алған ЖКО жайлы: Өмір оған қатал сабақ берді

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов бұрынғы қызметкерінің қатысуымен өткен ЖКО туралы пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Даниал Ахметов

Бауыржан Құрманбаев Риддер әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген еді. Ол 15 сәуір күні жаяужүргіншіні қағып өлтірген. Құрманбаевпен бірге BMW X5 көлігінде Өскеменнің әкімі Қуат Тұмабаев болған. Бүгінгі күні әкімдіктің екі қызметкері өз орындарын босатқан.

Көптеген қазақстандықтардың наразылығын тудырған жағдайға қатысты облыс әкімі өкінішін білдірді. Және бұрынғымен өмір сүрмеуге шақырды.

“Әкім қисынсыз іс-әрекет жасады. Бірақ біз оны таңбаламау керекпіз. Өмір оған өзі-ақ қатал сабақ берді. Ол біздің өміріміздің өткен кезеңі. Бүгінгі күнмен, ертеңге деген сеніммен өмір сүру керек”, — деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Астанада өткен брифингте.

Әкімдіктің екі қызметкері бар ЖКО 15 сәуір күні орын алды. Бұрынғы Риддер әкімінің орынбасары көшемен жүріп бара жатқан жаяужүргіншіні қағып өлтірген. Алған жарақаттардан 19 жастағы Евгений Смольников жедел жәрдем келгенше қайтыс болған.

Маусым айының соңында сот Құрманбаевты бір жылға бас бостандығынан айыру және көлік жүргізуге рұқсат беретін құжатынан бес жылға айыру туралы шешім шығарды. Істе куәгер болған Өскемен облысының әкімі тамыз айының ортасында орнын босатты.

 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау