Даниал Ахметов «Made in Semey» киімдерін киетінін айтты

Жұма, 12 Ақпан , 2016 11:39

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Семей қаласына жасаған жұмыс сапары барысында  «СемСпецСнаб» тігін фабрикасына да бас сұқты.

63f98c312f458e25e287a5df97b7e891

Сурет ustinka.kz сайтынан алынды

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Көрмедегі тауарлармен танысқан әкім, өзінің киім ілгішінде де бұл кәсіпорынның жейделері бар екенін айтты.

«Бұл жейделер өте сапалы шығарылған әрі импорттық өндірістегі балама нұсқалармен бәсекелестікке түсе алады. Біздің ер жігіттеріміз де осындай отандық өнімдерге көңіл аударғандары жөн. Әдемілік тұрғысынан да, сапа тұрғысынан да өкінбейді», – деді Даниал Ахметов.

Фабрика директоры Айнұр Ахметованың айтуынша, сатып алушылардың шеңберін кеңете түсу үшін, кәсіпорын тігін жүйесін жаңартып отырады екен. «СемСпецСнаб» ЖШС шеберлері мен технологтары сапалы тігін жасаудың озық үлгісін сақтауға тырысып келеді. Кәсіпорын ірі өнеркәсіптік ұжымдарға арнайы киім тігуге де әбден машықтанған. Бұл кәсіпорынның өнімдерін облыс аумағында қызмет ететін ұлттық компаниялар тұтынып келеді.

2015 жылдың қорытындысы бойынша, қалалық қазынаға түскен кірістің 52 пайызы орта және шағын кәсіпкерліктің төлеген салықтары еншісінде екен.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар