Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Данара Құлжанова: АҚШ-тағы гей-парадта өз елімнің туын абыроймен көтеріп шықтым

Нью-Йорк қаласында өткен гей-шеруде Қазақстан туының алдыңғы қатарда көрінгені, оны қазақ қызы Данара Құлжанова алып шыққаны анықталып, қызу талқыға түскен еді.

18_wide

Бұған дейін шеруде Қазақстан туының алдыңғы қатардан көрінгенін, АҚШ-тағы гей-шеруде Қазақстанның туын ұстап шыққан қыздың кім екені белгілі болғанын, Нағима Есқалиеваның ұлы АҚШ-тағы гей-шеруді өз көзімен көргенін хабарлаған едік.

oo7ek80ff5okwmo8vaut (1)

Сурет: twitter.com 

Данара Құлжанова осыған қатысты өзін сынағандарға құлақ аспайтынын айтып пікірін білдірді.

«Анығына келсек, мен туралы айтылып жатқан видео БАҚ жариялап жатқандай 2016 жылы емес, 2015 жылы түсірілген. Видео жайлы айтар болсақ, онда менің «Борат елі» дегенге күлген сәтімді қиып алған. Ал, түпнұсқада мен олардың Борат туралы айтқандарына келіспей, қайта дауласқан едім. Мен өз елімнің туын гей-парадта абыроймен көтеріп жүрдім. Осылайша Орландода қайтыс болғандардың отбасына көңіл айтқым келген. Олар гей болсын, бастысы адамдар ғой. Қазақстан демкратиялық мемлекет. Сол себепті заң менің жағымда деп ойлаймын, – дейді бойжеткен желідегі парақшасында.

щщ

Талқылау