Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Данагүл Темірсұлтанованың қызы түсірілім алаңында өліп қала жаздады

Танымал актриса Данагүл Темірсұлтанованың қызы, отандық жас актриса Айым Сейтметова аллергия салдарынан өліп қала жаздағанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Айым Сейтметова

Жас актрисаның айтуынша, ол түсірілім алаңында жүрген кезде ұстамасы ұстап қалған.

«Кеше аллергиядан өліп қала жаздадым. Тура түсірілім алаңында жүрген кезде ұстамам ұстап қалды.

Десе де биыл аллергия мүлде мазаламағен еді. Ал кеше аяқ астынан қатты ауырып қалдым», – деп жазды Айым Сейтметова Instagram-парақшасында.

Сондай-ақ, актриса қазіргі уақытта өзін айтарлықтай жақсы сезінетінін айтты.

Өз кезегінде Сейтметованың желідегі оқырмандары оның жағдайына алаңдап, сауығып кетуін тілеп жатыр.

Айта кетсек, Айым танымал отандық жұп – Азат Сейтметов пен Данагүл Темірсұлтанованың қызы. Ол “Жібек” телехикаясына түскеннен кейін көрерменге танылды. Бүгінде Айым нағыз Instagram жұлдызы әрі танымал Yuframe вайнерлер тобының бір мүшесі.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау