Данагүл Темірсұлтанова жас кезіндегі суретін көрсетіп жұртты сүйсіндірді (фото)

Жұма, 26 Тамыз , 2016 9:09

Данагүл Темірсұлтанова театрға жұмысқа тұрған кездегі суретін көрсетіп, жұртты тамсандырды.

image

Фото: instagram.com/danagultemirsultanova/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Данагүл Темірсұлтанова Мұхтар Әуезов театрына жұмысқа тұрған кездегі суретін бөлісті. Аталған суретті көрген желі қолданушылары оның сұлулығына қайран қалды. Мұнымен қатар, қыздарының өзіне қатты ұқсайтындығын айтқандар да болды.

“Қалайсыздар? Демалыстарыңыз сәтті өтсін! Киелі қара шаңырақ Мұхтар Әуезов театрына келген кезім. Шіркін, жастықтың аты жастық қой”, – деп жазады Данагүл Темірсұлтанова суретінің тұсына. Суретті көрген желі қолданушылары сұлулығына тамсанып қана қоймай, жылы лебіздерін білдірді. Арасында тағы сурет сұрағандар болды.

12328123_1674876449436995_1200898658_n

Фото: instagram.com/aiymsm/

“Тағы да жас кезіңіздегі суретіңізді салыңызшы. Өте әдемі екенсіз. Қазір де сүйкімдісіз, Данагүл апа”, “Ма ша Аллах, керемет сұлу”, “Не деген сұлулық?! Мұндай сұлулық тек қазақ қызына тән”, “Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпеген”, “Данагүл ханым, Тамаша театрын қайта құрғандарыңызға қуаныштымын” дейді желі қолданушылары.

Данагүл Темірсұлтанова мен жолдасы Азат Сейітметов осы күнде үш бала тәрбиелеп отыр. Өнер жолында жүрген қос актердің Айша, Айым есімді қыздары мен бір ұлы бар. Тұңғышы биыл университет түлегі атанды. Ал екінші қызы Айым ата-анасының ізін қуып, актерлік шеберлігін шыңдап жүр. Мұнымен қатар, отандық компаниялардың бірінде жұмыс істейді. Дәл қазір Темірбек Жүргенов атындағы Өнер академиясында оқып жатыр. Ол Ағайындылар тобының “Сүю деген” атты бейнебаяны мен “Жібек” телехикаясында басты рөлдерді сомдап үлгерген.


Жіберіп алмаңыз:

Мақпал Исабекова дәретханада тұрып түскен суретін көрсетті (фото)

Жартылай жалаңаш суретін көрсеткен Қасымовты желі қолданушылары аяусыз әжуалады (фото)

Динара Сәтжан тағы да бикиниде түскен суретін көрсетті (фото)

Есентаеваның қызы әкесімен түскен барлық суретін өз парақшасынан өшіріп тастады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар