Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дана Нұржігіт қазақ қыздарынан өз қателігін қайталамауды сұрады

Белгілі тележүргізуші Дана Нұржігіт қазақ қыздарынан өзі басынан кешірген қателікті қайталамауды өтінді. Журналист тағы да бір мүмкіндік берілер болса, алдымен тұрмысқа шығып, кейін жұмыс пен мансапты қолға алар едім деген.

данануржигит

Желіде тараған видеода журналист студент жастармен кездесу ұйымдастырған болуы мүмкін. Себебі оның сөздері жас қыздарға қаратыла айтылып жатыр. Сондай-ақ, ол қыздарға,  әсіресе, телеарнада жұмыс істегісі келетін аруларға, ерте бастан тұрмысқа шығуға кеңес берген.

Дана Нұржігіт өзінің өкінішін де жасырмаған. Ол қазір бір ғана бала тәрбиелеп отырғанын, егер көп балалы болудың дұрыс екенін уақтылы түсінгенде мұндай қателікке бой алдырмайтыны жайлы ашық айтқан.

Талқылау