Дана Нұржігіт: Ерболат өзін сынағандарға жұдырық ала жүгірсе де түсінемін

Сәрсенбі, 30 Наурыз , 2016 10:47

Танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт көптің сынына ұшыраған Ninety one тобын жақтап сөйледі.

новый коллаж

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Тұсауы 2015 жылдың желтоқсан айында кесілген Ninety one тобы киіну стильдеріне байланысты көптің сынына ұшыраған болатын. Мұнымен қатар, аталған топтың жақтаушылары да жоқ емес. Осы топқа қатысты елімізге танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт өз пікірімен бөлісті.

“Он жылдан астам таңдаған жолынан жаңылмай, табанды еңбек етіп, бір күн – көл, бір күн – шөл болатын нәсібін бүкіл тобына жұмсап жүрген Ерболатқа орнымнан тұрып қол соғам. Оған да кезінде қанша адам лап беріп, “мына істеп жүргенің қате” деген еді. Ол өзінің мақсатынан бас тартқан жоқ. Біржақты қыңырлық, стереотиптік сана-дамудың жолы емес. Әсіресе өнерде! Зайытовтың “91” тобының сырт келбетін сынап, тіл тигізіп, “жиіркенемін” деген ауыр сөзін сабырлықпен тыңдап, жұдырық ала жүгірмей (оны істесе де түсінер едім) миығынан ғана күліп қойып эмоцияға, ашуға жол бермей жауап беріп отырған Ерболат мен үшін оппонентінен әлдеқайда жоғары, мәдениетті. Ол қоластындағы топты осылайша спарингке шығарып алды. Мұздай душтың астына тұрғызды. Сынады. “Шыдайсың ба менімен достасуға, Жалаң аяқ су кешіп, тас тасуға” деп”, – Дана Нұржігіт әншінің Мұқағали ақынша серіктестеріне сұрақты төтесінен қойғанына қайран қалды.

Тележүргізуші аталған топтың сырт келбеті жасанды болса да, мұның барлығы уақытша екенін, ең бастысы, олар ішімдік пен есірткіге салынбай өз жолын іздеп келетінін айтады. Мұнымен қатар, конформистердің “мен сияқты костюм шалбар кимейсің бе, шашты дұрыстап қысқартпайсың ба?” сынды пікірін қаз-қаз тұрып келе жатқан балаға “неге жүгіріп кетпейсің?” дегенмен бірдей екенін атап өтті.

“Конформистер қашан да болған, бола да береді. Оларды тыңдасақ, елден ерек, алыстан асау мінезін білдіретін ұзын шаш қойған әнші, ақындарымыз – Батырxан, Жарасқандар, Қадірлар қайда бізге? Конформистерді тыңдасақ, сыған қызы Карменді операның бас кейіпкері етіп, көрерменнің ызасын тудырған Бизе тумас еді. “Жалаң аяқ сығанның сайқалын операға арқау еткен дарынсыз” деген жаман атқа қалған Бизе бүгін ел ауызындағы классик. “Арайдан” кетіп, “Алма-Ата студио” болған Серкебаев Байғалидің өзі мұндайды бастан өткерген. АХБК сарайының концерт залындағы алғашқы премьерасынан xалық тұрып-тұрып кетіп қалған. Түсінбеген. Шашы жалбыраған жігіттер, майкішең тұрып ән салған Батырxанды біреу еске алса, сол біздер. Біздің ұрпақ. Айта берсе көп қой. Өнерде ұқсастықтан жаманы жоқ! Сынасақ “жиіркенемін” деген адами намысқа тиетін, көшедегі бетжыртыстың лексиконына сүйеніп емес, конструктивті, мәдениеттану деген ғылымға жүгініп отырып дәйекті дәлел келтіріп отырып сынайық!” – деп аталған топқа айып тағушыларға сынды мақтамен бауыздағандай етіп айтуға кеңес берді.

Естеріңізге сала кетсек, Дана Нұржігіттің қазақ қыздарынан өз қателігін қайталамауды сұрағаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

43
Комментариев
  • Адай says:

    Не айтып кетті? Мынау дұрыс аңгіме емесқо

  • Ұлт жанашыры says:

    Қызтеке болғаннан темекі тартып ішімдік ішкені əлде қайда жақсы сияқты. Бұлар неге түсінбейді екен бүгін ерсі көрінеді ертең екінші адам осылай шығады. Біраз уақыт өткен соң ол қалыпты жағдайға айналады. Өсіп келе жатқан ұрпақ ертең осының бəрін қалыпты жағдай деп қабылдайтын болады. Жүріңдер сосын бүкіл ел Қызтеке болып…

  • Жұмбақ жан says:

    Дана дурыс айттыныз орынды жеткиздиии

  • Жұмбақ жан says:

    Катырып Америка ашкандай болган екен Дана. Оны Ерболаттын озине айтарсын сыбырлап. Биздин халыкка бундай топ керек емес. Кызтекелер сиякты. Төрегали, Ринат сиякты жигиттер керек

  • Жұмбақ жан says:

    Дананы тусинбеймин нени жактап отырганын. Ар елдин фишкасы ұлттық құндылықтарды сактауы. Ал мына дуниемен Американы ашу ма ?

    • Жұмбақ жан says:

      Дана сізге Рахмет қазіргі жастар бір неше елдің тілін біліп өнерін үйренсе
      Несі айып

    • Жұмбақ жан says:

      Дана малдардын катарына кашаннан бери косылган екен а

    • Жұмбақ жан says:

      Дана каншығы ал аналары сайқалдар

    • Жұмбақ жан says:

      Қазағымның Данадай қыздары қайдағы бір жағымсыз топты мадақтап,сөзін сөйлесе жетіскен екенбіз. Осы топтың ұлтымызға берер еш жақсылығы жоқ. Еліктегіш халықпызғой. Еліктесе басқа ұлт өкілдері(батыс елдері неге біздің қазақ ұлтына еліктеп,үстілеріне неге қазақтың ұлттық кйімдерін киіп сахнаға шықпайды? Себебі оларда ұлттық намыс бар.Ал сол намыс біздің қазақ ұлтында бар ма? Қалай айтсаңызда Дана қарындас Ринат пен Төреғалидай ұлтымыздың намысы үшін күресе алатын азаматтардың бар екендігіне қуану керек ияқты

  • Жұмбақ жан says:

    Дана молодец коре алмайтындар иштери куйсин!заман талабына сай топ

  • Жұмбақ жан says:

    Дана осы сөзді айипайақ қойсада болар еді. Сол 91-лерің ші дәл айтқанда әлгі кәріс тобының жұпыны көшірмесі. Ол ешқандай жаңалық емесп. Алғ Орда тобының өзін алсақ, ол иә, әлбетте қазақ эстрадасы үшін жаңалық, қайталанбас топ. Оған ешкім ештеңе айта ламайды және айтпайды да. Өйикені, ол батыс нақышындағы орындау болғанымен өз мәнері бар, қазақи иісі бұрқыраған, эстрададан өз орнын теуіп алған шығармашылықтың үогісі. Ал, мынау 91 – жұпыны көшірме! Киімін былай қойғанда.

  • Жұмбақ жан says:

    Дана Ерболатқа қол соқса, мен Данаға орнымнан тұрып қол соғам! Өте орынды айтылған!!!

  • Жұмбақ жан says:

    Қумасын. Сенген сиырым сен болсаң…

  • Жұмбақ жан says:

    Кимди Ким колдайтыны тусиникти

1 2 3 4

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар